Металл сынықтарын шығаруды шектеу – біраз елге тән тәжірибе

Қазіргі уақытта ТМД мен ЕАЭО-ның бірқатар елдерінде қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын елден шығаруды уақытша квоталау немесе оған тұрақты негізде толықтай тыйым салу шаралары қолданылады.

ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР ИИДМ-нің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов түсті және қара металл сынықтары мен қалдықтарын Қазақстаннан шығаруға уақытша шектеу енгізудің себептерін түсіндіріп берді. Мұндай шешім қабылдаудағы басты себеп – отандық өндіріске қайталама шикізаттың жетіспеуі және шикізат ретінде металл сынықтарын пайдаланатын кәсіпорындарды қосымша жүктеу қажеттілігі.

Тұрар Жолмағамбетов, сондай-ақ Қазақстан қайталама шикізатты шығаруға шектеу қоятын жалғыз мемлекет емес дегенді айтты. Бұл шара Қырғызстанда, Ресейде, Арменияда, Өзбекстанда, Беларусь елінде де қолданыста бар. ҚР ИИДМ өкілінің айтуынша, мұндай шешім ұлттық және халықаралық деңгейдегі барлық нормативтерге сәйкес келеді.

"Ресей Федерациясында квоталар енгізіліп, сынықтарды елден шығаруға толық тыйым салу мәселесі пысықталуда. Ал Өзбекстан мен Беларусь бұл тұрғыда мемлекеттік монополия орнатты. Яғни, аталған елдерде тек уәкілетті мемлекеттік компаниялар ғана қайта шикізатты жинап, өңдеуге құқылы. Олардың жалғыз міндеті – ішкі өңдеушілерді шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады", – деді Индустриялық даму комитетінің төрағасы.

Осыған ұқсас процестер Еуропада да жүріп жатыр: мысалға, металл сынықтарына деген сұранысқа байланысты тауарды ЭЫДҰ құрамына кірмейтін елдерге экспорттауға тыйым салу мәселесі қарастырылуда. Сол сияқты, қайталама шикізатқа деген сұранысқа экономиканы декарбонизациялау саясаты да әсер етуде. Яғни, дамыған елдерде енгізілген көміртегі салығына байланысты өндірісте металл сынықтарын пайдалану тиімдірек саналады. Өйткені табиғи шикізаттың шығыны аз және де атмосфераға түсетін қалдықтар ауыртпалығы біршама төмен. Бір тонна болат өндіруге сынықтарды пайдалану СО2 қалдықтарын 1,5 тоннаға азайтып, тұтынушылық тұрғыда 1,4 тонна темір рудасынан, 740 кг көмірден және 120 кг әктастан бас тартуға мүмкіндік береді.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1664 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Dream Team House переезжает в Казахстан? Смотреть на Youtube