Отандық өнім өндірушілер қайталама шикізатқа зәру

Бұл туралы ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ИИДМ-нің Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов мәлім етті.

Қазақстанда дайын өнім шығаруда негізгі шикізат ретінде металл сынықтары мен қалдықтарын пайдаланатын 20-дан астам ірі кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың қатарында "Қайнар-АКБ" серіктестігі секілді маңызды өндіріс орны да бар. Аталған компания өндірілген батареялардың 80%-ын ішкі нарыққа жеткізеді, қалған 20%-ын жыл сайын 50–60 млн доллар көлемінде экспортқа шығарады.

Өңдеу өнеркәсібінің басқа кәсіпорындары металл сынықтарынан жылыту радиаторларын, терезе профильдері мен автомобиль дискілерін, кабельдер, сымдар, монеталар, құрылысқа арналған арматуралар, мұнай-газ өнеркәсібіне арналған құбырлар мен басқа да заттарды өндіреді. Бұл компаниялардың өндірістегі жиынтық көрсеткіші 2 трлн теңгеден асады, экспорт көлемі 2,5 млрд доллардан астам, төлейтін салығы 100 млрд теңгеден артық.

Қазіргі уақытта қазақстандық қайта өңдеушілерге ішкі нарықта сынық айналымы жетіспейді, сондықтан олар көрші мемлекеттерден қайталама шикізатты импорттауға мәжбүр. Қалыптасқан жағдайға орай ҚР ИИДМ қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын Қазақстан аумағынан шығаруға уақытша тыйым салуды енгізу туралы жедел шешім қабылдады.

Шектеу шараларын шұғыл түрде енгізуге негізгі себеп – отандық қайта өңдеу кәсіпорындары үшін қайталама шикізаттың жетіспеуі.

"2010 жылдан бастап еліміз бойынша индустрияландыру саясаты белсенді жүріп жатыр. Оның басты басымдықтарының бірі – шикізат өндіруден дайын өнімді өндіруге және экспорттауға көшу. Осыған сәйкес өндірушілерден шикізатты, атап айтсақ, өндірілетін пайдалы қазбаларды да, қара және түсті металдардың сынықтарын да барынша тереңдетіп қайта өңдеу талап етіледі. Сондықтан біз қайта өңдеушілерді қайталама шикізаттың қажетті көлемімен қамтамасыз етуді көздеп отырмыз. Бұл үшін қара және түсті металдардың сынықтары мен қалдықтарын шығаруға уақытша шектеу енгізіледі", - деді Тұрар Жолмағамбетов.

Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары айтып өткендей, толық шектеу түсті сынықтар мен қалдықтарды елден шығару бойынша енгізіледі, ал қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын бұрынғысынша Қазақстан шекарасынан темір жол арқылы тасымалдауға рұқсат етіледі.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1630 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Dream Team House переезжает в Казахстан? Смотреть на Youtube