Түркі елдердің омбудсмендері қауымдастық құрды

3338

Қауымдастық түркітілдес елдердің тәуелсіз, саяси емес және коммерциялық емес бірлестігі ретінде құрылды. Жаңа бірлестіктің негізгі міндеттері азаматтардың ұлттық құқық қорғау институттары мен түркітілдес елдердің ұлттық заңнамалары туралы хабардарлығын арттыру, адам құқықтары мен негізгі құқықтарды қорғау мен көтермелеуге жәрдемдесу болып табылады. Қауымдастық ұлттық құқық қорғау мекемелерінің ынтымақтастығын нығайтуға, адам құқықтары саласындағы білімді ілгерілету бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға ниетті.

Сондай-ақ түркі қауымдастықтарымен және ұйымдарымен, омбудсмендердің шетелдік институттарымен, омбудсмендердің халықаралық және өңірлік желілерімен және басқа да халықаралық ұйымдармен адам құқықтарын қорғау және көтермелеу саласында өзара іс-қимыл жасауға дайын.

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованың айтуынша, қауымдастыққа қатысу түркі мемлекеттерінің аумағында Қазақстан азаматтарының құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық құқық қорғау мекемесінің әлеуетін кеңейтеді және тұрақты негізде адам құқықтары саласындағы озық тәжірибелермен және заңнамамен алмасуға мүмкіндік береді.

«Қауымдастық құру біздің күш-жігерімізді, оның ішінде басқа ұйымдармен серіктестікте ілгерілетуге мүмкіндік береді. Қауымдастық шеңберіндегі ынтымақтастығымыз адамға, оның құқықтары мен бостандықтарына қызмет етуге бағытталған. Бұл мәселелерді саясаттандыруға жол берілмейді», — деді Эльвира Әзімова.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить