Түрікменстан басшысына ҚР президентінің АӨСШК саммитіне шақыруы табысталды

Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Асқар Тәжібаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыру хатын табыс етті.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, бүгін Асқар Тәжібаев Түрікменстан басшысына сенім грамоталарын табыстады.

Бұдан бөлек, елші С. Бердімұхамедовке Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан 2022 жылғы 12-13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммитіне қатысуға шақыру хатын табыс етті. Түрікменстан басшысы шақыруды ризашылықпен қабылдады.

«Ресми рәсімнен кейінгі сұхбат барысында тараптар қазақстан-түрікмен қатынастарының жоғары деңгейін қанағаттанушылықпен атап өтті. Саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ашғабатқа мемлекеттік сапарының, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының Үшінші консультативтік кездесу аясындағы екі ел басшылары кездесуінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселесіне ерекше назар аударылды», - делінген таратылған мәліметте.


 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте