Маңғыстаудағы шаңды дауыл пойыз жылдамдығына әсер етті

2504

Шаңды дауыл Бейнеу-Маңғыстау аумағындағы пойыздардың жылдамдығы сағатына 25 шақырымға шектелді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы»хабарлайды.

Осы себепті Ақтөбе-Маңғыстау бағытындағы №110 пойыз Маңғыстау станциясына 42 минутқа кешігіп жетті.

Өткен тәулікте аталған учаскедегі жолды құмнан таразтуға 2 арнайы жабдықталған жол техникасымен 30 адам жұмылдырылып, 3 шақырым жол қалпына келтірілді.

Еске салсақ, кеше Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, көрудің қиындауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить