Жапонияның Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары туралы

1983

ҚР премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Жапонияның Сыртқы істер министрі Ёшимаса Хаяшимен келіссөздер жүргізді.

Тараптар екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Дипломатиялық қатынастар орнағанына 30 жыл толуына орай кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне жеткені атап өтілді.

Кездесудің қорытындысы бойынша екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2022-2023 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

Жапония 1993 жылдан бері жалпы инвестиция көлемі 7,7 млрд АҚШ доллар құрайтын Қазақстан экономикасына капитал салатын ірі шетелдік инвесторлардың бірі. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2021 жылы Жапониядан тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 239,3 млн АҚШ доллар құрады.

Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, сауда, көлік және логистика, ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру қызметі, денсаулық сақтау сияқты салаларда жапон капиталының қатысуымен 61 компания тіркелген.

ҚР мен Жапония арасындағы екіжақты тауар айналымы 2021 жылы 1,1 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспорт - 558 млн АҚШ долларын, импорт - 559 млн АҚШ долларын құрады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить