Халықаралық нарықтарға шығуға көмектесуге дайынбыз - Джереми Вейр

2230

Үкімет үйінде Премьер-Министр Әлихан Смайылов Trafigura компаниясының атқарушы директоры Джереми Вейрмен кездесті, деп хабарлайды ведомствоның telegram- арнасы.

Әңгіме барысында Ә. Смайылов пен Д. Вейр көмірсутек саудасы, көлік-логистика секторы, жаңартылатын энергетика, экономиканы декарбонизациялау және т. б. салалардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Үкімет басшысы еліміздің экономикалық қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында компанияның әлемдік нарықтардағы тәжірибесі мен мүмкіндіктерін ескере отырып, өзара тиімді серіктестік орнатуға мүдделі екенін атап өтті.

Өз кезегінде Д. Вейр Қазақстанның даму әлеуеті жоғары екенін айтты.

«Біз сенімді серіктес бола аламыз және сіздерге халықаралық нарықтарға шығуға көмектесуге дайынбыз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндік бар», - деді ол.

Келіссөз қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша бірлескен консультациялар өткізуге уағдаласты.

«Trafigura» компаниясы – шикізат тауарлары нарығындағы халықаралық трейдер және әлемнің 55 елінде кеңселері бар.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить