Қарағанды ​​облысында қаржы жымқырды деген күдікпен қарттар үйінің меңгерушісі ұсталды

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды​​облысы бойынша департаменті қарттар үйі тұрғындарының зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік нысанда 90 адам қамқорлыққа алынған, оның 30-ы - мүгедек, 60-ы - зейнеткер.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы бойынша Қарағанды ​​облысындағы қарттар үйінің меңгерушісі және әлеуметтік қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды ​​облыстық соты қарттар үйінің басшысына қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Тергеу жалғасуда, тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді»,-делінген хабарламада.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте