40 жер қойнауы учаскесі аукционға шығарылды

Бүгін ҚР Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі аукцион өткізу және оның шарттары туралы хабарлама орналастырылды, деп хабарлайды ведомство.

Берілген өтініштердің нәтижелері бойынша аукционға 40 жер қойнауы учаскесі шығарылды.

Аукционға қатысуға өтініштерді беру мерзімі – аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап екі ай.

Хабарламада «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексінің 95-бабының 2-тармағында көзделген ақпарат қамтылады.

Осыған байланысты, жер қойнауы құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті электрондық аукциондар операторы – «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ сайтында бере алады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты аукционға өтініш қабылдау басталғаны туралы хабарланған.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте