109 Құтқару қызметінің құтқарушылары Кіші Алматы шатқалында кәмелетке толмаған жас баланы құтқарды

Мохнатка тауының маңында демалған топтың құрамында болған 14 жасар жарақаттанған туристі қаламыздың Құтқару қызметі сенбі күні құтқарып қалды.

Тауда жарақаттанған жасөспірім туралы мәліметті Алматы қаласының Құтқару қызметіне қалалық ТЖД кезекшісі 16 сағат 25 минутта тапсырған. Кіші Алматы шатқалына 109 қызметінің тау базасынан құтқарушылардан тұратын экипаж бірден аттанды.

Тізеден жарақат алған зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол таудың төменгі жағында күтіп тұрған ҚР ІІМ ТЖК «Апаттар медицина орталығы» дәрігерлеріне тапсырылды. Жарақат алушыға дәрігерлік көмек көрсетіліп, оған стационарлық емнің қажет емес екендігі анықталды.

Құтқарушылар жасөспірімнің тізе жарақатын тауға өрмелеу барысында алғанын анықтады. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте