СҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне көктемгі дала жұмыстарына 71 мың тонна отын бөлінді
ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесу барысында сөйлеген сөзінде ағымдағы жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Министрліктің бұйрығымен мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар 180 күн мерзімге белгіленгенін хабарлады.
Бұдан басқа, Мемлекет басшысының жанар-жағармай материалдары нарығын реформалау жөніндегі тапсырмасы бөлігінде мынадай шаралар қабылдау жоспарлануда:
- мұнай өнімдерін өндіру және бөлу саласында ашықтықты және транспаренттілікті қамтамасыз ету;
- ірі тұтынушыларда – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ базасында 150 мың тонна көлемінде және «ҚТЖ» АҚ базасында 50 мың тонна көлемінде мұнай өнімдерінің резервтерін құру;
- ҚР аумағынан автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салуды 6 айға ұзарту бойынша бұйрықты қабылдау.
Сондай-ақ, кездесу барысында Болат Ақшолақов көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін еліміздің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне мұнай өңдеу зауыттарында бағасы тоннасына 212 мың теңгеден 400 мың тонна дизель отыны бөлінгенін, оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысы үшін 71 мың тонна дизель отыны немесе ел бойынша барлық көлемнен 5-ші бөлігі қарастырылғанын атап өтті.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер нарығын реформалау бөлігінде мынадай шаралар пысықталуда:
- байланыс деректерін, егістік жерлердің жалпы алаңын, ЖЖМ-ға қажеттілікті көрсете отырып, аумақтық бөліністе ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің деректер базасын құру;
- отын бөлу үшін электронды-ақпараттық жүйені енгізу, бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне мұнай базаларынан немесе ресурс ұстаушылардан мұнай өнімдерін өз бетінше сатып алуға мүмкіндік береді.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»