«Birgemiz: Taza Álem» жобасына 8 мыңға жуық ерікті қатысады
Қазақстанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен жалпыұлттық экологиялық жоба іске асырыла бастады.
Жобаның негізгі мақсаты – экология саласында, оның ішінде қоршаған ортаны қорғауда, өзендер мен ормандарды тазартуда, ағаш отырғызуда азаматтарды еріктілік қызметке тарту, қоқысты сұрыптауға және экологиялық қауіпсіздікке үйрету.
«Біз экология саласына еріктілерді барынша тартуға, оларды дайындауға және оқытуға тырысамыз. Өңірлерде экология проблемаларын шешуге еріктілерді тарту үшін экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыруға бағытталған волонтерлік бастамаларды іске асыруға кемінде 30 шағын грант ұсынамыз. Бұл бастамалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді», - деді «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қорының директоры Ербол Кеңгербаев.
Ауқымды жобаға ұйымдастырушылар кемінде 8 мың эко-еріктіні, оның ішінде 5 мың жас қазақстандықты және 100 күміс еріктіні тартуды жоспарлап отыр.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»