Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

2091

Ержан Сәрсенбай «Жасыл даму» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды  Экология министрлігі.

Ержан Сәрсенбай 2001- 2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде жетекші маман лауазымынан басқарма басшысы лауазымына дейін қызмет атқарған.

2006-2007 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі Ғылым және инновациялық қызмет секторының меңгерушісі;

2007-2010 жылдары «Қазақстан даму банкі» АҚ Жобаларға агенттік қызмет көрсету басқармасының басшысы;

2011 жылдан бастап 2014 жылғы ақпан айына дейін «НК Продкорпорация» АҚ Несиелендіру және несиені әкімшілендіру департаментінің директоры;

2015-2017 жылдар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті директорының орынбасары;

2017- 2021 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаментінің директоры;

2021 жылғы ақпан айына дейін «Қазақстандық мемлекеттік – жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасы болған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить