Бір аптада 1 тоннадай балық заңсыз ауланған

 Ел аумағында жүріп жатқан «Бекіре-2022» акциясының алғашқы аптасында заңсыз айналымнан 911 кг балық алынды. Сондай-ақ, броконьерлік фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары құқық қорғау, табиғат қорғау органдарының және ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп, қолданыстағы заңнаманы бұзудың 101 дерегін анықтады, 80 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, 4 іс әкімшілік сот органдарына жолданды. Заңсыз балық аулау дерегі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 1,5 млн. теңге айыппұл салынды.

Заңсыз айналымнан 911 кг балық және 33 аулау құралы, 33 суда жүзу құралы алынды. Өзен арнасы мен теңіз акваториясын күнделікті сүзу жұмыстары нәтижесінде су қоймалары 94 заңсыз балық аулау құралынан тазартылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда «Бекіре-2022» балық қорғау акциясы басталған болатын. Шара 31 мамырға дейін жалғасады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте