Елордада «Наурыз-2022» ұлттық сыйлығының лауреаттары марапатталды
Елордада «Наурыз-2022» ұлттық сыйлығының иегерлері салтанатты түрде марапатталды. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
«Наурыз« ұлттық сыйлығы елордада екінші рет табысталып отыр. Ұйымдастырушылар іс-шара жыл сайын өткізілетінін атап өтті.
Жобаға барлығы 8 номинация бойынша 114 үміткер қатысты: «Үздік айтыскер», «Үздік күйші», «Үздік әнші», «Үздік жыршы», «Үздік зергер», «Үздік шебер», «Үздік тоқыма шебері», «Үздік ұлттық спорт шебері».
Номинанттар арасында үздік ақындар, дәстүрлі әншілер, зергерлер, қолданбалы өнер шеберлері, ұлттық спорт түрлерінің шеберлері бар.
Салтанатты жиында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкенов үздіктерді арнайы құттықтады.
«Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен және «Қазақстан» РТРК-мен бірлесіп жүзеге асырылды. Қазақстан мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосқан үздіктер марапатталады, сол арқылы біздің ұлттық құндылықтарымыздың даңқы арта түседі. Көрермендер 7-13 наурыз күндер аралығында qazaqstan.tv сайтына кіріп, өз таңдауларын жасады», – деді Qazaqstan телеарнасының директоры Еркін Мұхамеджанов.
Жобаның басты міндеті – салт-дәстүрімізді сақтау және дәріптеу, сондай-ақ үздік қолөнер шеберлерін анықтау.
Вам может быть интересно: «Қазақстан америкалық компаниямен дауда жеңіске жетті»