Қазақстан ДК үшін банктік зиянды БҚ таралу үлесі бойынша топ-10 елдің қатарына кірді

2710


«Kaspersky»-дің деректері бойынша Қазақстан дербес компьютерлер үшін банктік зиянды БҚ таралу үлесі бойынша топ-10 елдің қатарына кірді. Компьютердің әрбір 50-ші пайдаланушысына қаржылық зиян келтірудің осы түрімен шабуыл жасалды.
Осындай қауіптердің жалпы санынан корпоративтік клиенттерге 22%-ы тиесілі болды, қалған шабуылдар банктік және қаржылық операцияларды жасайтын қарапайым пайдаланушыларға (78%) бағытталды.

Белсенділіктің ең үлкен серпінін зиянды БҚ-ның үш тобы көрсетті: CliptoShuffler — криптоәмияндардан ұрлап, олардың нөмірлерін өз нөмірлеріне ауыстыратын троян, SpyEye — рұқсатсыз банктік операциялар жүргізу арқылы жеке деректер мен ақшаны ұрлау мақсатында құрылған бағдарлама және Zbot — пайдаланушының сәйкестендіру деректерін ұрлайтын зиянды БҚ.

Банктік зиянды БҚ таралу үлесі бойынша алғашқы ондыққа жақын орналасқан елдер: Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан кірді.

«Әлемдік статистикаға сәйкес біз корпоративтік клиенттерге ДК-ге арналған зиянды банктік БҚ шабуылдары үлесінің аз ғана өсуін байқап отырғанымызды атап кеткен жөн. Қазақстанға келетін болсақ, жеке пайдаланушылар әзірше зиянкестің осы түрін тарататын шабуылдаушылар үшін үлкен қызығушылық танытуда, — деп атап өтті «Kaspersky»-дің Орталық Азиядағы коммерциялық директоры Валерий Зубанов. — Қаржылық қауіп-қатерлерден қорғау үшін пайдаланушыларға сілтемелер арқылы өтпеуге және сіз күтпеген және күдікті болып көрінетін хабарламаларға тіркелген құжаттарды ашпауға; сізді және цифрлық инфрақұрылымды қаржылық киберқауіптердің кең спектрінен қорғайтын сенімді қорғаныс шешімін орнатуға кеңес береміз».

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить