ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Мажарстан Елшісінен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бүгін Мажарстанның Қазақстанға жаңадан тағайындалған Елшісі Отто Иван Ронадан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады, деп хабарлайды ҚР СІМ Баспасөз орталығы.
Кездесу барысында сұхбаттастар биыл екі елдің дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шараларды талқылады.
Сонымен қатар, дипломаттар өзара тиімді сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ тарихы тамырлас екі халық арасындағы мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды жаңғыртуға ерекше басымдық бере отырып, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің бүкіл спектрін дамыту перспективалары туралы пікір алмасты. Түркі мемлекеттері ұйымы аясындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Пандемияға қарамастан, 2021 жылы екі ел арасындағы тауар айналымының көлемі 23,2%-ға өсіп, 138,7 млн. АҚШ долл. құраған (2020 жылы – 112,5 млн. АҚШ долл.), ал Мажарстаннан еліміздің экономикасына құйылған тікелей инвестициялар көлемі соңғы 16 жылда 264,3 млн. АҚШ. доллар құрайды. Былтырғы қыркүйек айынан бастап Нұр-Сұлтан мен Будапешт арасында тікелей әуе қатынасы қайта іске қосылды.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың әлеуетін толық іске асыру мақсатында тығыз ынтымақтасуға келісті. Мажар дипломаты жылы қабылдау үшін алғыс білдіріп, Қазақстанда өзін үйдегідей сезінетінін атап өтті және екіжақты қатынастарды дамытуға бар күш-жігерін салуға дайын екенін растады.
Вам может быть интересно: «Пашинян заявил, что Ереван готов открыть железнодорожное сообщение с Баку»