Қазақстан мен Кувейт арасындағы әуе рейстерінің саны артады

2022 жылғы 1 ақпаннан бастап Кувейттің «Jazeera Airways» әуе компаниясының Алматы - Эль-Кувейт бағытындағы тұрақты рейстерінің саны артып, енді аптасына 2 емес, сейсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері 3 рейс орындалады, деп хабарлайды ҚР ИИДм баспасөз қызметі.

Бұл шешім Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес қабылданды.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте