Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Индонезияның жаңа Елшісімен кездесті

Индонезия Елшісі Мохамад Фаджрул Рахман Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышевке сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті.

Кездесу барысында қазақстандық дипломат Елшіні тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметіне табыс тіледі.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, БҰҰ, ИЫҰ және АӨСШК сияқты өңірлік және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша сауда-экономикалық қатынастардың оң динамикасы қанағаттанушылықпен атап өтілді.

Елші М. Рахмон қазақстандық тарапқа қолдауы үшін алғысын білдіріп, екі ел халықтарының игілігі үшін Қазақстан-Индонезия ынтымақтастығын нығайту бойынша жұмыс істеу ниетін растады.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте