Тоқаев Қытай мен Орталық Азия арасында тауар айналымын ұлғайтуды ұсынды

1735

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдері мен Қытай арасында сауда және көлік бойынша министрліктер консультациясын өткізуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik.

"Сауда және көліктің өзара байланысы мәселелері бойынша бірлескен жолдарды пысықтау үшін "Орталық Азия + Қытай" министрліктер консультациясы тетігін іске қосуды ұсынамын. (…) Қытайлық серіктестердің мәліметінше, соңғы 30 жылда ҚХР мен Орталық Азия арасында сауда көлемі 100 еседен артық өскен. Және мұнымен шектеліп қалмайды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін белсенді шаралар қабылдау қажет", - деді Тоқаев "Орталық Азия – ҚХР" онлайн саммитінде.

Бұл міндет тауар айналымы құрылымын әртараптандыруды, кедергілерді жоюды, кеден ісінде тәртіп орнатуды және инновациялық шешімдер енгізуді көздейді.

Оқи отырыңыз: Қытай Қазақстанда түрлі-түсті революция ұйымдастыру әрекетіне қарсы – Си Цзиньпин

"Қазақстан 135 позиция бойынша ҚХР-ға экспортты ұлғайтуға қауқарлы. Соның ішінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті 1 миллиард доллардан арттыруға болады", - деді Қазақстан президенті.

Орталық Азия мемлекеттері мен ҚХР лидерлерінің онлайн саммиті дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай өтіп жатыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить