Қазақстан жаңалықтар
24 января 2022, 12:48
Қазақстанда арнайы операциялар күштерінің қолбасшылығы құрылды
Желіде "Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құру туралы" жарлықтың мәтіні пайда болды.
Жарлық мәтіні online.zakon.kz порталында жарияланған.
2022 жылдың 19 қаңтарындағы құжатқа сәйкес, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің арнайы операциялар күштері қолбасшылығын құруды қаулы еткен. Сондықтан осымен байланысты өзгерістер мен толықтыруларды бекіту қажет.
Үкіметке осы жарлықтан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Вам может быть интересно: «Қазақстан байлығының тең жартысы бар-жоғы 162 адамға тиесілі – Тоқаев»
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes