Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін 110 адам ауруханада жатыр

1561

Алматыда тәртіпсіздіктерден кейін мыңнан аса адам медициналық көмекке жүгінді, оның ішінде қазір 110 адам ауруханада жатыр.

Бұл туралы Алматының тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі қалалық штаб отырысында қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Светлана Сұлтанғазиева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр. Ішінде 8 адам жансақтау бөлімінде. Науқастардың жағдайы қалыпты", - деді Сұлтанғазиева.
Айтуынша, өткен аптада 3 науқас басқа денсаулық сақтау мекемелеріне ауыстырылды.

"Бір бала №2 балалар ауруханасынан жедел емдеу мақсатында Педиатрия институтына ауыстырылды. Екінші ота жасалды, баланың жағдайы қалыпты, жансақтау бөлімінде жатыр. Екінші бала қалалық жедел көмек көрсету ауруханасынан шұғыл көмек көрсетілетін балалар ауруханасына ауыстырылды", - деді Светлана Сұлтанғазиева.

Айта кетері, 15 қаңтарда Бас прокуратура Қазақстан бойынша бүлік кезінде 225 адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить