Алматыда мәйітханадан 41 мәйітті белгісіз адамдар ұрлап әкеткен

1224

 Лаңкестер өліктер мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кеткен. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қалалық Полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов мәлім етті.

Оның айтуынша, шабуылдарды қару-жарақ пен ұрыс әдістерін меңгерген, кәсіби дайындалған адамдар жасаған. Түнде олар осал жерлерді іздеді. Бұл ретте олар қаза болғандар мен жаралыларды қалдырмай, өздерімен бірге алып кеткен.

«Бұл күндері мәйітханаға жеті шабуыл болды, оның барысында қайтыс болғандардың 41 мәйітін белгісіз адамдар ұрлап әкетті», - деді ПД бастығы Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, Полиция департаментінің ғимаратын басып алуға лаңкестер 27 рет әрекет жасады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 5 қаңтар күні таңертең Алматыда қала орталығына бір мезгілде 20 мың адам жиналды.

Одан кейін Республика алаңына жиналған мыңдаған шабуылшылар әкімдік ғимаратын басып алуға тағы да әрекеттенген.

Полиция департаментінің басшысы Алматыда лаңкестер 1347 қару ұрлағанын айтты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить