Қазақстан жаңалықтар
16 января 2022, 13:24
Сағынтаев лаңкестік әрекеттер кезінде зардап шеккендерге барды
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары кезінде бандиттердің қолынан зардап шеккендер жатқан қаланың клиникалық ауруханаларының бірінде болды.
Қала әкімі зардап шеккендерге қызметтік міндеттерін орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс айтты. Барлығына қолдау шаралары көрсетіледі.
Б. Сағынтаев алматылықтардың атынан сол күндері өз денсаулықтары мен өміріне қарамастан ортақ мүддені сақтап қалып, қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендердің барлығына алғысын білдірді. Бүгінде Алматы қирағаннан кейін қалпына келеді және біртіндеп тіршілік әрекетінің үйреншікті арнасына қайта оралуда.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »
Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент
текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Больше на Forbes