ҚР Үкіметінің басшысы Смайылов пен ҚР премьер-министрі Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы 11 қаңтарда ҚР парламенті мәжілісінің отырысында берген тапсырмасын орындау аясында Қазақстанның бірнеше қоғамдық ұйымы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын (ҚӘҚ) құрды.

Қордың құрылтайшылары «Қазақстан халқына» ҚӘҚ төрағасы қызметіне мемлекет қайраткері, белгілі қаржыгер Болат Жәмішевті сайлады. Бақылаушылар кеңесіне денсаулық сақтау мен білім беру салаларының белгілі қайраткерлері, сондай-ақ ҚР қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері кірді.

«Қазақстан халқына» ҚӘҚ денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтарын әлеуметтік қолдау саласындағы нақты проблемаларды шешумен айналысатын болады. Қордың қызметі қоғамды біріктіруге және әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға ықпал етеді.

Қор жеке және мемлекеттік көздерден қаржыландырылады, сонымен қатар халықаралық қайырымдылық ұйымдарының көмегін тарту жоспарда бар.

ҚР Үкіметінің басшысы Ә. Смайылов пен ҚР премьер-министрі Кеңсесінің қызметкерлері бір күндік еңбекақыларын «Қазақстан халқына» қорына аударды.

Үкімет бизнес өкілдеріне, ең алдымен, ірі бизнес өкілдеріне әлеуметтік жауапкершілік танытып, Қорды қаржыландыруға көмек көрсетуге шақырады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1300 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Жалын Кабыкен: попасть в NASA и сотрудничать с Министерством культуры Италии Смотреть на Youtube