Қазақстан мен Венесуэла СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Венесуэла тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Боливар Венесуэла Республикасының Сыртқы істер министрі Феликс Пласенсиямен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында венесуэлалық дипломат ел басшылығының атынан Қазақстандағы тәртіпсіздіктер барысында қаза тапқандарға көңіл айтып, сондай-ақ қазақстандық биліктің елдегі жағдайды тұрақтандыру бойынша іс-қимылдарына толық қолдау білдіргенін мәлімдеді.

ҚР СІМ басшысы венесуэлалық әріптесінің қолдауы үшін өз алғысын білдірді. Ол Президент Қ.Тоқаевтың Қазақстанның одан әрі табысты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған ҚР Үкіметінің алдына нақты міндеттер қойғанын атап өтті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
977 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Жалын Кабыкен: попасть в NASA и сотрудничать с Министерством культуры Италии Смотреть на Youtube