Pfizer вакцинасын ақылы түрде салуға бола ма

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мәселесін қарастырып жатқан жоқ, деп мәлімдеді Алматының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова, деп хабарлайды Sputnik.

"Денсаулық сақтау министрлігі Pfizer вакцинасын ақылы негізде салу мәселесін қарады. Сол бойынша вакцинаны жеткізуші-өндірушімен келіссөздер жүргізілді. Бірақ қазір бұл мәселе қаралып жатқан жоқ", - деді ол брифингте.

Қазір Қазақстанның бас санитар дәрігерінің соңғы қаулысына сәйкес, Pfizer препаратын медицина қызметкерлері мен 60 жастан асқан адамдар салдыра алады.

"Pfizer вакцинасын ақылы түрде салу мәселесі қазір қарастырылып жатқан жоқ", - деп қорытындылады Әбдіжаббарова.

Айта кетері, қарашада сол кездегі денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтар Pfizer вакцинасы ақылы түрде салдыра алатынын айтқан болатын.

 

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
1388 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить