Алматыда бүлікке қатысы бар деген күдікпен 2 мыңнан астам адам ұсталды

1585

Алматы қаласының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sputnik.

Қалалық комендатураның хабарлауынша, 13 қаңтарда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар тағы 2 159 адам ұсталды

67 қару мен 3112 оқ-дәрі тәркіленді.

Өткен тәуілікте "102" пультіне 754 хабарлама келіп түсті.

"Комендатураның кол-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қаңтарда Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен 1 925 адам ұсталды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить