Болжам: Қазақстанда күн жылиды

Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 13-15 қаңтар аралығында болатын ауа райына болжам жасады.

Кезекті антициклон Қазақстан аумағынан кетіп, аязды да ығыстырып жатыр, деп хабарлады Қазгидромет.

Батыстағы циклон жылдам жылжып келеді. Ол 15 қаңтарда Қазақстанның барлық облысын қамтып, елге жауын мен қар, екпінді жел және көктайғақ алып келеді.

Термометр көрсеткіші жоғары көтеріледі. Тіпті солтүстік өңірлерде де күндізгі уақытта ауа температурасы 0 және минус 5 градус аралығында болады деп күтілуде.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте