Жоғарғы сот судьясы сайланды

Сенаторлар мемлекет басшысының ұсынысымен Жоғарғы сот судьясы қызметіне Нұрсерік Шәріповтің кандидатурасын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президенттің ұсынысын Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шип таныстырды. Оның айтуынша, мемлекет башысы ұсынған кандидат сот саласында 25 жыл еңбек еткен.

"Судья қызметін Алматы қаласында аудандық сотта бастаған. Екі аудандық сотты басқарды. Олар – Алматының мамандырылған әкімшілік соты және Маңғыстау облысының мамандырылған экономикалық соты. Одан кейін Маңғыстау облыстық сотының аппеляциялық сот алқасына жетекшілік етті. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы болды. Жоғары сот аппаратының жетекшісі қызметін атқарды. Ал 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағанды облыстық сотын басқарды", - деді Шип сенаттың жалпы отырысында.

Сенат депутаттары мемлекет басшысының ұсынысын бірауыздан қолдап, Нұрсерік Шәріповті Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлады. Жаңадан сайланған судья сенаторлардың алдында ант берді.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте