Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер саны қысқартылады

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин мемлекеттік органдардағы штат санын қысқарту туралы № 874 қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik.

Қаулы мәтініне сәйкес, министрліктерде, түрлі деңгейдегі әкімдіктерде штат санының лимиті өзгереді.

"Орталық және жергілікті атқарушы органдар 2022 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 1 және 3-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін; 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2023 жылдың 1 қаңтарына дейінгі мерзімде Қазақстан заңнамасына сәйкес осы қаулыға 2 және 4-қосымшаларда көрсетілген штат санының лимиттеріне сәйкес штат санын қысқарту жөнінде жұмыс жүргізсін", - делінген қаулы мәтінінде.

 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте