Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 – 2026 жылдарға арналған Тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) аясында сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында сыбайлас жемқорлықтың беріктігіне тексеру (integrity check) жүргізуді жоспарлап отыр, бұл адал емес қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік береді.
«Оның қылмыс жасап, мемлекетке зиян келтіргенін күтпей-ақ, заңды тәртіптік шаралармен және шығынсыз түбегейлі жоюға болады. Мұндай шаралар мемлекеттік қызметке баю үшін келуді тоқтатып, ұзақ мерзімді келешекте парасатты кәсіби ұрпақ қалыптастыруды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті Агенттік Төрағасы М. Ахметжанов брифинг барысында.
Ведомство басшысы атап өткендей, Тұжырымдамада сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларға сүйене отырып, министрлер мен әкімдерді бағалау жүйесі қарастырылған.
Сонымен қатар, Агенттік қоғамның сұраныстарына құлақ асу үшін жемқорлықты қабылдаудың Ұлттық индексін бекітуді ұсынды.
Барлық бағалау жүйелері жобалық негізде енгізілетін болады.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »