Баласын сатқан: ІІМ адам саудасына қатысты деректерді жариялады

1109

Қазақстанда халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық орнатқан адам саудасына қарсы күрес мәселелері жөніндені ведомствоаралық комиссия жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik.

"22 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейінгі аралықта "STOP-трафик" атты кезекті республикалық жедел-профилактикалық іс-шара өтті. Жедел-профилактикалық іс-шара барысында полиция органдары адам саудасына байланысты 68 қылмысты анықтады", - деді ІІМ Криминалды полиция департаменті басшысының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Үш жағдайда адамдарды жұмысқа пайдалану үшін құлдықта ұстаған, сондай-ақ адам саудасы бойынша төрт факті анықталса, оның екеуі кәмелет жасына толмаған балаларға қатысты.

Сегіз жағдайда адамдарды, соның ішінде бір кәмелет жасына толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Жезөкшелік немесе жеңгетайлықпен айналысуға арналған 53 факті анықталды.

Жезөкшелік немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін ғимаратты жалға беру бойынша 21 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, қоғамдық орында тиіскені үшін 600 әкімшілік хаттама толтырылды.

"Мысалы, Батыс Қазақстан облысында жезөкшілікпен айналысуға тарту фактісінің жолы кесілді. 58 жастағы ер адам жұмысқа орналастыруға уәде етіп, 30 жастағы Орал тұрғынын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды. Күдікті бопсалау және күш көрсетемін деп қорқыту арқылы жәбірленушіні бір жыл бойы қаладағы сауналардың бірінде езөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген", - деді Қанат Нұрмағамбетов.

Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 308-бабының 1-бөлімі "Жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері шілдеде 30 жастағы әйел алдын ала келісім бойынша өзінің жаңа туған сәбиін асырап алу үшін бөгде адамдарға ұсынғанын анықтады. Қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімі "Кәмелет жасына толмаған адамдар саудасы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және қажетті кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Осы секілді фактілер және мұндай қылмыстың куәсі болған жағдайда қайда хабарласу керектігі туралы аудиофайлдан тыңдаңыз.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить