Петропавл қаласының әуежайындағы рейстер штаттық режимде орындалады

951

Петропавл қаласының әуежайында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 2021 жылғы 6 тамызда 1 жыл мерзімге берген әуеайлақтың жарамдылық сертификаты бар.

Жүргізілген сертификаттау қорытындысы бойынша әуеайлақты пайдаланушы мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі арасында анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспары жасалды. Әуежай Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп анықталған сәйкессіздіктерді жою бойынша шаралар қабылдауда (шамамен 70% жойылды).

Бүгінгі күні Qazaq Air және СКАТ әуе компанияларының Петропавл қаласының әуежайындағы рейстері штаттық режимде орындалуда.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить