Әскери сот Арыстағы жарылыстарға қатысты үкімді қайта қарады

792

Қазақстанның қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Арыстағы жарылыстарға қатысты Шымкент гарнизоны Әскери сотының үкімін қайта қарады, Sputnik деп хабарлайды.

Бұған дейін осы іс бойынша 16 адам сотталған болатын. Он екі адам төрт жылдан он жылға дейін түрмеге қамалды. Төрт адам төрт жылдан жеті жылға дейін шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Апелляциялық өндіріс кезінде үкім өзгерді:

1. Қылмыстық кодекстің 71-бабының онша ауыр емес қылмыстар бойынша 1-бөлігіне сәйкес (ҚК 453-бап екінші бөлігі) - 7 тұлға мерзімі ескіруіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды;

2. ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес сотталған төрт адамның ісі ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi аса ірі көлемде иемденiп алу немесе талан-таражға салу"- бұл үшін мүлік тәркіленіп, 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады) ҚК 450-бабы 2-бөлігіне ауыстырылды ("билікті теріс пайдалану салдарынан ауыр зардаптарға әкеп соғу" - ол үшін мүлік тәркіленіп, төрт жылдан жеті жылға дейін сотталады).

Үкім неге өзгерді

Талан-таражға салынды деген қаражат істі болған төрт адамға сеніп тапсырылмаған. Сондықтан қарастырылып отырған бап ауыстырылды.

Бұл қызметкерлер әскери бөлімде өрт туралы хабардар ететін құрылғыларды орнату бойынша жұмыстар атқарылғаны туралы жалған құжаттарды заңсыз рәсімдеген. Ол бұл жұмыстар іс жүзінде толықтай орындалмаған.

Баптың өзгеруіне байланысты төрт адамға қатысты жаза он жылдан 7 жылға және жеті жылдан 6 жылға азайды. Мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить