Қазақстан Египетпен әуе қатынасын тоқтатады

Қазақстан "омикрон" штамының таралуына байланысты 3 желтоқсаннан бастап Египетпен әуе қатынасын уақытша тоқтатады. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бельгияда Египеттен келген адамнан "омикрон" штамының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қарашада 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру туралы шешім қабылданды", - деді Шоранов үкімет отырысында.

Қазақстанда 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шаралары енгізіледі. Бұған коронавирустың "омикрон" штамының таралуы себеп.

Еске салсақ, бірнеше күн бұрын ғалымдар Оңтүстік Африка Республикасында және Ботсванада коронавирустың B.1.1.529 штамы шыққанын хабарлады. Ол S-ақуызына түскенде 32 мутациясы пайда болып, ағзада тарап кетеді.

Ғалымдардың ойынша, SARS-CoV-2 геномындағы жаңа өзгерістердің басым бөлігі омикрон-штамның аса жұқпалы екенін көрсетіп отыр. Вируспен ауырып шыққандар мен екпе алғандардың антиденелерін айналып өтуі де мүмкін. Әзірше зерттеулердің нақты нәтижесі шыққан жоқ.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен аптада шұғыл жиналыс шақырып, B.1.1.529 штамына қатысты алаңдаушылық білдірді. Оған "омикрон" деген атау берілді. Қазіргі кезде Еуропа одағы мен басқа да елдер кейбір Африка мемлекеттерінен келетін адамдарды кіргізуге тыйым салып отыр.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
557 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить