Алматыда отандастарын құлдыққа сатқан: іздеуде жүрген өзбекстандық ұсталды

1217

Нұр-Сұлтанда адам саудасымен айналысқаны үшін мемлекетаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды елорданың полиция департаменті.

"Stop трафик" жедел-профилактикалық шарасы кезінде астаналық полицейлер мемлекетаралық іздеу жарияланған қылмыскерді қолға түсірді.

Анықталғандай, ер адам 2014 жылы Өзбекстанның алты азаматын елден шығарып, оларға Қазақстан аумағында жалақысы жоғары жұмыс уәде еткен. Алайда Алматы қаласына келген соң, отандастарының төлқұжатын тартып алып, басқа біреуге берген. Ол жеті ай бойы өзбекстандық ер адамдарды адам төзгісіз жағдайда жұмыс істеуге мәжбүрлеген.

2015 жылы адам саудасы үшін өзбекстандық өз елінде бес жылға бас бостандығынан айырылды.

2019 жылы сот шешімімен жазаның өтелмеген бөлігі мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға ауыстырылды. Бостандыққа шыққаннан кейін ер адам Қазақстан аумағында жасырынған. Өзбекстан тарапы оған іздеу жариялады.

Қазіргі таңда сот шешімімен ер адам қамауға алынды. Оны Өзбекстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить