Дизель отынының биржалық сауда-саттығы басталды

807

2021 жылдың 24 қарашасында дизель отынының биржалық сауда-саттығы басталады.

Дизель отынын биржалық сауда-саттыққа шығару  туралы шешім ҚР Энергетика вице-министрі А.Мағауовтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Биржалық комитетінің мұнай өнімдері жөніндегі кіші комитетінің 2021 жылғы 15 қарашадағы отырысында қабылданды.

Дизель отынын тауар биржалары арқылы өткізу көлемін мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті орган ҚР Энергетика министрлігі белгілейді.

Сауда-саттықтар ҚР Биржалық комитеті бекіткен тауар биржалары арқылы мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізу жөніндегі ұсынымдар (секциялық қағидалар) шеңберінде өтетін болады.

Мұнай өнімдері саудасын ұйымдастырушылар ретінде екі тауар биржасы («Еуразиялық сауда жүйесі» Тауар биржасы» АҚ және «Каспий» Тауар биржасы» АҚ) ұсынылды, сауда құралдарын, жеткізу ерекшеліктері мен базистерін уәкілетті орган ҚР Энергетика министрлігімен бекітілді.

Кіші комитет отырысының хаттамасымен ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында танысуға болады (https://www.gov.kz/memleket/entities/zk/documents/details/231495?directionId=15859&lang=ru)

Дизель отыны сауда-саттық кестесімен Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің ресми телеграм-каналынан таныса аласыздар АЗРК#новости#аналитика (https://t.me/sovetpobaryeram).

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить