Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа Кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасы Рик Демсті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтың күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Ауғанстандағы ахуал сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Рик Демске ілтипат білдіре отырып, оның сапары атаулы дата – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгенін атап өтті.

– Сіздің сапарыңызды дәл уақытында жасалды деп санаймын. Өйткені ол бізге қол жеткізген жетістіктерімізді қорытындылауға және ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын пысықтауға мүмкіндік береді, – деді Президент.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте