Биыл Қазақстанға 7,2 мың адам қоныс аударса, 25,3 мыңы көшіп кеткен
2021 жылғы тоғыз айда Қазақстаннан 25,3 мың адам көшіп кеткен, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы.
Көші-қон қызметі органдары ұсынған мәліметтерге сәйкес, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға тұрақты тұруға 7246 адам көшіп келсе, 25 322 азамат елімізден көшіп кеткен. Көші-қонның айырымы -18076 адамды құрады.
Көші-қон алмасуы негізінен ТМД мемлекеттері ішінде болып жатыр. «ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің көшіп-қонушылардың жалпы санынан үлесі 84,2% және 86,0% құрады», - делінген статистикалық мәліметте.
Ал ел ішінде қоныс аударатындар саны былтырғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 0,2% артқан. Өңіраралық қоныс аудару бойынша халық көші-қонының оң айырымы еліміздің 4 өңірінде байқалды: Алматы (22346 адам), Нұр-Сұлтан (21718 адам), Шымкент (9568 адам) қалаларында және Маңғыстау облысында (248 адам).
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»