Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президентін қабылдады

 Мемлекет басшысы «ЛУКОЙЛ» мұнай компаниясының президенті Вагит Алекперовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаның жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі ірі «Қаламқас-теңіз» жобасының негізгі қағидаттары туралы келісімге «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» компанияларының қол қойғаны, сондай-ақ «Хвалынское» кен орнының игерілуі жөнінде айтылды.

Қазақстан Президенті еліміздің «Лукойл» компаниясымен серіктестігінің даму барысына көңілі толатынын атап өтті.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте