Қазақстанда Pfizer вакцинасын салдыра алатын адамдар санаты кеңеюі мүмкін

Қазақстанда Pfizer вакцинасын басқа санаттағы азаматтарға егуге рұқсат етілуі мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik.

Қазіргі таңда Pfizer вакцинасы балаларға, жүкті және бала емізетін әйелдерге егіледі.

"Басқа санаттағы азаматтарға да осы вакцинаны алуға мүмкіндік беру үшін шешім іздеп жатырмыз", - деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесуде.

Үкімет бұл шешімді осы аптада жариялауды жоспарлап отыр.

Еске салсақ, 10 қарашада Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді. Келісім аясында Comirnaty Pfizer/BioNTech вакцинасының 4 миллион дозасы сатып алынды.

Бұған дейін Pfizer салдырғысы келетін, бірақ аталған препаратпен вакциналау санатына кірмейтін алматылықтар емханаға барып, өтінім қалдыра алатыны хабарланған еді.

Әрі қарай оқу: 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте