Қазақстан вакциналау қарқыны бойынша ТМД-да көш бастап тұр – Мамин

1992

Қазақстан коронавирусқа қарсы халықты вакциналау бойынша ТМД-да бірінші орында тұр, деп мәлімдеді премьер-министр Асқар Мамин, деп хабарлайды Sputnik.

"Халықтың 75%-іне вакцинаның бірінші компоненті, 69%-іне екінші компоненті салынды. Бұл ТМД елдері ішіндегі ең жоғарғы көрсеткіш", - деді Мамин БАҚ өкілдерімен кездесу барысында.

Үкімет басшысы қазіргі уақытта коронавирусқа қатысты жағдай жақсарғанын айтты. Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Үкіметтің болжамы бойынша, жақын уақытта Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары "сары" аймаққа өтуі керек.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда 8,5 миллион (75%) адам вакцинаның бірінші компонентін салдырды, ал 7,8 миллион адам (69%-ке жуық) вакциналаудың толық курсынан өтті. Ересек адамдар "Спутник V", Verocell, Qazvac препараттарын салғыза алады.

Қарашада Қазақстанда 12 жастан асқан балаларды, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді вакциналау басталды. Бұл топтағы адамдарға Pfizer препараты салынды.

2021 жылдың қарашасының соңында коронавирусқа қарсы қайта вакциналау басталады.

Әрі қарай оқу: 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить