МӘМС: 2021 жылдың 10 айында Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 34 млрд теңге түсті

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында елордада МӘМС үшін 34 миллиард теңге аударылды. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры елордалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

2021 жылдың қазан айында елордада МӘМС үшін шамамен 3,6 млрд.теңге аударылды. Оның 1,7 млрд теңгесі жұмыс берушілердің аударымдарына, ал 1,9 млрд теңгесі жеке кәсіпкерлердің жарналарына тиесілі. МӘМС үшін түскен бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) сомасы 8,8 млн.теңгені құрайды.

Әлеуметтік медициналық десақтандыру қорының деректеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша түскен аударымдар мен жарналардың жалпы сомасы 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2021 жылғы 31 қазанға дейінгі кезеңде шамамен 92,2 млрд теңгені құрады.

"МӘМС жүйесіне түскен барлық қаражат сенімгерлік басқару шарты жасалған Ұлттық банкте сақталады. Кейіннен қаражат ТМККК және МӘМС пакеттері бойынша Қордың жеткізушілері халыққа көрсеткен медициналық қызметтерге ақы төлеуге бағытталатын болады, олар осы қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүргізіледі", - деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте