Соңғы екі аптада республикада коронавирус жұқтыру деңгейі 11 процентке төмендеді. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Қазақстанда соңғы екі айда сырқаттану 2,8 есе (аптасына 33 346 адамнан 11 709 адамға дейін), ал өлім-жітім 4,1 есе (аптасына 761 науқастан 184 науқасқа дейін) азайды.
"Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 11 пайызға төмендеді. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуын көрсетеді", - деді Шоранов үкімет отырысында.
1 тамыздан бастап республика бойынша инфекциялық төсек-орындар 33%-ке дейін, ал реанимациялық төсектер 27%-ке дейін босады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар.
Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, соңғы үш айда науқастар саны 2 есе (90 767 науқастан 43 397 науқасқа дейін) азайған.
Вам может быть интересно: «Қазақстанда 20 жыл ішінде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді»