Қазақстанда бірінші тоқсанда қанша оқушы коронавирус жұқтырды

1047

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мектеп оқушылары арасында қанша бала індетке шалдыққанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның сөзінше мектепке барып оқитын балалар арасында 15 028 оқушы ауырып қалған. 159 420 оқушы науқастармен байланысты болғаны анықталды, олардың ішінде 1 317 бала вирус жұқтырған. Бұл ауырған оқушылардың жалпы санының 8,7%-ін құрайды.

"Қазан айының соңғы екі аптасында оқушылар арасында сырқаттану 1,3 есе төмендеді", - деді Шоранов үкімет отырысында.

Бірақ, айтуынша, Павлодар, Ақмола, Маңғыстау және Түркістан облыстарында оқушылар арасында аурушаңдық 1,4 есеге дейін өскен.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить