Нұр-Сұлтанда «ТеатрALL» театр фестивалі аясында «Әзім әңгімесі» қойылымы өтті

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына арнап «ТеатрALL» театр фестивалі аясында «Әзім әңгімесі» қойылымы қойылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Абай Құнанбайұлының «Әзім әңгімелері» поэмасының желісі бойынша өткен қойылымды «Наз» мемлекеттік би театрының актерлері қойды.

«Наз» театрына келген асқақ өнер сүйер қауымды ертегі әлеміне түсіп кеткен арманшыл жас Әзімнің тарихы тәнті етті. Оның оқиғасын актерлер би тілінде жеткізді. Көрермендер арасында Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов болды.

«Елордамызда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «ТеатрALL» театр фестивалі басталды. Бұл фестивальге Нұр-Сұлтанның барлық театры, сондай-ақ Ресей Федерациясынан келген қонақтар – Мәскеудің атақты шығармашылық ұжымдары қатысады. Өнер апталығы барысында әр театр өзінің ең жақсы қойылымдарын көрсетеді. Біздің әртістер өз шеберліктерін паш етеді. Олардың өнерін беделді сарапшылар бағалайтын болады, сол сияқты театр жұлдыздары шеберлік сабақтарын өткізеді», – деді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ, қала басшысы «ТеатрALL» халықаралық фестивалін жыл сайынғы елордалық іс-шараға айналдыру жоспарланып отырғанын айтты.

«Бұл қойылым ұлы ақын Абай Құнанбайұлының поэзиясына арналған. Абай халқымыздың дара тұлғасы, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырып кеткен. Бүгін ұлы тұлғамыздың шығармаларының бірін хореография тіліне келтіріп, спектакль қойдық», – деді «Наз» мемлекеттік би театрының директоры Еркебұлан Ағымбаев.

Еркебұлан Ағымбаевтың айтуынша, халықаралық фестиваль аясында «Наз» театры 31 қазанда өтетін «Тұйгындар» хореографиялық тарихи спектаклін ұсынады.

«Адамдар арасындағы бір-біріне деген достық қарым-қатынас, адам өміріндегі түрлі шырғалаң жайттар көрсетілді. Әртістер өз кейіпкерінің бейнесін толығымен аша білді деуге болады. Бұл керемет шығармашылыққа толы спектакльдердің бірі деп бағалаймын», – деді елорда тұрғыны Қолғанат Бақтиярұлы.

Айта кетейік, спектакль карантиндік талаптарды сақтай отырып өтті.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
971 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
Ким, Ракишев, Тасмагамбетова - в большом интервью Forbes Kazakhstan Смотреть на Youtube