Техрегламенттерге сәйкес келмейтін өнімді шығарғаны үшін, 6,2 млн. теңге айыппұл салынды

1302

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті бүгінгі күні өнімге мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін толық нормативтік-құқықтық база бар екенін хабарлады.

Ресурстар қамтамасыз етілді, Мемлекеттік сатып алуды өткізу арқылы өнімдердің іріктелген үлгілеріне сынақтар жүргізілетін және оларды сынақ орнына дейін жеткізетін зертханалар айқындалды.

Қазірдің өзінде Энергетика министрлігі мен БАҚ ақпараты бойынша дизель отыны мысалында сапасыз өнімді анықтау бойынша мемлекеттік бақылаудың алғашқы нәтижелері бар. Қазақстан өңірлерінде Техникалық реттеу және метрология комитетінің департаменттері профилактикалық бақылау жүргізеді.

"Сонымен қатар, биылғы жылы техникалық регламенттерге сәйкес келмейтін өнімдерді (салқындатқыш сұйықтықтарды) айналысқа шығарғаны үшін 6,2 млн.теңге сомасына айыппұл салынды, сондай - ақ әкімшілік өндіріс шеңберінде өндірушіге берілген химиялық өнімді тіркеу туралы куәліктің күші жойылды", - деп хабарлайды ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Арман Әбенов.

Техникалық реттеу және метрология комитеті сәйкестікті бағалау туралы құжаттарға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді. Мұндай жұмыс мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп, ақпарат алмасу жолымен жолға қойылды, заңсыз сертификаттар анықталуда.

Арман Әбеновтың айтуынша, осы жұмыстың нәтижесінде ойыншықтарға, жеке қорғаныс құралдарына, тұрмыстық электр техникасына, тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдеріне 282 декларация мен сертификат күші жойылды.

Одақтың берілген сертификаттарының тізілімінен берілген сертификаттар санының төмендеуінің жалпы тренді байқалады, бірақ бұл ретте Қырғыз Республикасында бұлжымас өсім тіркелген, ол 2018 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 2021 жылғы 8 айда 706% - ды құрады.

"Жаһандық сын-қатерлер жағдайында әрекет ету қажет факторлар бар. Біріншіден, импорттық тауарлар тарапынан "қысымға". Екіншіден, ішкі және сыртқы тұтынушылар тарапынан тауарлардың сапасына қойылатын талаптарды арттыру", - деді Арман Әбенов.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить