Нұр-Сұлтанда кішкентай бала үйіне полиция шақырды

970

Нұр-Сұлтанда полция қызметкерлері қаруланған ер адамды қамауға алды, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомстводағылардың айтуынша, 102 нөміріне таңғы сағат жетіде бала хабарласып, әкесінің анасын соғып жатқаны туралы айтты.

«Автопатруль мекенжайға келгенде Айтматов көшесіндегі үйдің ауласында 45 жастағы әйелді көрді. Ол жанжал кезінде күйеуі оны ұрып, артынан үйден қуып жібергенін айтты», - дейді полициядағылар.
Үшінші қабатқа көтерілген полиция қызметкерлері пәтердің есігін қақты.

Алайда ер адам есікті ашудан бас тартып, полиция кетпесе оқ ататынын айтқан. Сол кезде пәтерде кәмелетке толмаған үш бала болды.

Тәртіп сақшылары 39 жастағы ер адамды ұстады. Одан ресми тіркелген қару тәркіленді. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить