Күн суытады: Қазгидромет алдағы 3 тәуліктің күн райы болжамын жариялады

 «Қазгидромет» РМК-сы 2021 жылдың 19-21 қазан аралығындағы күн райы болжамын жариялады.

Болжамға сәйкес, үнді жазын Қазақстан аумағына әкелген Антициклонның ықпалынан еліміздің шығысында ғана күн жауын-шашынсыз жылы болады.

Республиканың қалған бөлігіне Мурманск аудандарынан келген циклон әсер ете бастайды. Ол ел аумағы арқылы жылжып, жаңбыр мен қар аралас жаңбыржаууына ықпал етеді. Сондай-ақ, көктайғақ болып, жел күшейеді, солтүстікте жаяу бұрқасын соғып, ауа температурасының төмендейді.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте